« Жарқын болашақ»
Көкшетау қаласында 15 ақпан күні «Жарқын болашақ» атты мемлекеттiк тiл аясын кеңейтуге бағытталған оқушылар арасындағы IX бiлiм олимпиадасы өттi.
Облысымыздың 19 ауданының 7-11 сыныптарды қамтитын 119 оқушы осы олимпиаданың ақтық сайысына жиналды. Биылғы бәйгеге облысымыздың барлық аудан оқушылары қатысуға мүмкiндiк алды. Олимпиаданың
негiзгi ұйымдастырушысы – түрiктiң атақты «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры.
Балалар «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлерi» және «Жазушылар» сынды
байқаулар бойынша мәнерлеп өлең оқудан, шығарма жазудан, ән салудан, ғылыми жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ сынасты.
Байқаудың мақсаты – балалардың ана тiлге деген махаббатын ояту. Тiлдiң қуатын байқатып, оның көркемдiгiне көз жеткiзу. «Бiз қазақ тiлiнiң дамуына барынша үлес қосқымыз келедi. Өйткенi, ол –Қазақстанның мемлекеттiк тiлi. Барша қазақтың ана тiлi. Бұл олимпиада қазақ тiлiн тереңдете зерделеуге, оның қолданыс аясын кеңейтуге септiгiн тигiзедi. Қазақ тiлiн бiлуге тек қазақ мектептерiнiң түлектерi ғана емес, өзге тiлдегi мектеп оқушылары да үлкен қызығушылық танытты. Оның үстiне әр жылғы олимпиада жаңа дарындар мен таланттардың есiмiн әйгiлеуде тыңнан түрен салып жүр.Осы сәтте айтарым ауданымыздың Астрахан №1 орта мектебінің екі
оқушысы: 9 сынып оқушысы Итемгенова Анаргүл «Жазушылар» номинациясы бойынша облыстық III орынды 25 оқушы арасынан жеңіп алды және 10 сынып оқушысы Аксрова Жансая «тілші - әдебиетшілер»номинациясы бойынша III жүлделі орынды иеленді. Жүлдегер оқушыларымыз ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен, сыйлықтармен марапатталды.