«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай және Махамбет оқулары» атты аудандық байқауы жөнінде Астрахан ауданының ақпараты

12.04.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2022 жылдың 6 сәуірінде «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де  «Абай және Махамбет оқулары» атты аудандық байқауы өтті. Байқаудың мақсат-міндеттері: қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай, Махамбет шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. Байқауға 8-11 сынып аралығындағы ауданның мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың аудандық кезеңіне 37 оқушы қатысты, соның ішінде 29 оқушы Абай оқуларына, 8 оқушы Махамбет оқуларына.

Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы –Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда  оқушы  жатқа білетін Абай шығармашылығының санына, сөйлеу мәнері, жатқа айтуына байланысты бағалайды.
  2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қара сөздерін толық білуі бойынша бағаланады.
  3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинациясы бойынша  шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
  4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы- оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
  5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – оқушылардың өз шығармалары поэзиялық бағаланады.
  6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрім шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа ұсынылған тақырыптардан таңдау эссе жазу.

Қазылар алқасының шешімімен келесі номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары анықталды:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Ханат Оразалы. Жетекшісі – Жаканова Айжаркын Абаевна.

ІІ орын – «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ 8  сынып оқушысы Көлбай Жансая. Жетекшісі – Жанкулова Жанар

ІІ орын – «Петровка ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Темербеков Сагыныш. Жетекшісі -  Сагандыкова Макпал Умирхановна.

ІІІ орын – «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Усербаева Асемгуль. Жетекшісі – Кожамжаров Алмас Жумабекович

ІІІ орын – «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Жүніс Балжан. Жетекшісі – Альжанова Шынар Шаймовна

ІІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 7 сынып оқушысы Омар Жанель. Жетекшісі –Сатемір Айзира Қаржауқызы

ІІІ орын – «Новочеркасс  ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Четверикова Анастасия. Жетекшісі – Тайшибаева Тілектес Ахметовна

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Шахмашова Жансая. Жетекшісі – Куанышева Дария Оразғалиевна.

ІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 8  сынып оқушысы Өмірбай Саида. Жетекшісі – Рамазан Райгүл Әбілжанқызы.

ІІІ орын – «Астрахан ауылының №1 ЖОББМ» КММ 8  сынып оқушысы Хисан Мөлдір. Жетекшісі – Аскарова Коркем Жетписбаевна.

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Первомай ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Қошшыбай Махабат. Жетекшісі – Бекмурадова Меруерт Клычбаевна.

ІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Қалижан Айсамал. Жетекшісі – Сатемір Айзира Қаржауқызы.

ІІ орын – «Жалтыр ауылының №2 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Қанағатқызы Еркежан. Жетекшісі – Серикбаева Ак-Жупар Узакбайкызы.

ІІІ орын – «Новочеркасск ауылының ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Логвиненко Тамара. Жетекшісі – Исмагулова Сара Каримжановна.

«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Сериков Темирлан. Жетекшісі – Дюсембаева Махаббат Манатовна.

ІІ орын – «Новочеркасск ауылының ЖОББМ» КММ 10  сынып оқушысы Казбекова Назерке. Жетекшісі – Казбекова Гульжан Жаксылыковна.

ІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Нарбай Диляра. Жетекшісі – Сатемір Айзира Қаржауқызы.

ІІІ орын – «Астрахан ауылының №1 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Бахтияр Назерке. Жетекшісі – Аскарова Коркем Жетписбаевна.

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 8 сынып оқушысы Рамазан Айым. Жетекшісі – Рамазан Райгүл Әбілжанқызы.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

ІІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушысы Адильбаева Айткүл. Жетекшісі – Сатемір Айзира Қаржауқызы.

Махамбет оқуларының аудандық кезеңі 3 номинация бойынша өтті

  1. «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).
  2. «Тартынбай сөйлер асылмын.....» жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау:өлеңдер,әндер,музыкалық шығармалар).
  3. «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы.

«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

ІІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ  7  сынып оқушысы Өмірбай Саида. Жетекшісі – Рамазан Райгүл Әбілжанқызы.

"Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

ІІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 8  сынып оқушысы Ахметова Гүлім. Жетекшісі – Рамазан Райгүл Әбілжанқызы.

«Ұлы арман» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар:

І орын – «Колутон ауылының ЖОББМ» КММ 8  сынып оқушысы Серікпай Меруерт. Жетекшісі – Жұмабай Баршагүл.

ІІ орын – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 9  сынып оқушысы Қалижан Айсамал. Жетекшісі – Сатемір Айзира Қаржауқызы.

ІІ орын – «Новочеркасск ауылының ЖОББМ» КММ 9  сынып оқушысы Мейрманова Гулимхан. Жетекшісі – Казбекова Гульжан Жаксылыковна.

Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі грамоталарымен марапатталды

«Ақмола облысы білім басқармасының

Астрахан ауданы бойынша

Білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің

әдіскері Абилгазина Г.К.

 

 

 

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст