Текст
2022 жылдың 18 наурызында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тарих ізімен» облыстық көрме-байқауы өткізілді.Көрме-байқаудың мақсаты: жас ұрпақты сәндік-қолданбалы шығармашылыққа баулу арқылы қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрлерін қайта жаңғырту және заман талабына сай түрлендіріп дамыту, жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық және мәдени құндылықтарды терең сіңіру.Біздің ауданымыздан Бахтияр Балнұр /жетекшісі Калымтаева Ш.А./ «Құрақ көрпе» тоқыма бұйымдарды көркемдеп өңдеу номинациясына қатысып, ІІІ жүлделі орынға ие болды.