Текст
2022 жылдың 11 сәуірден бастап «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы басталды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен балалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету. Оқу орындарында тәртіп сақшылары оқушыларға өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып қана қоймай, қызметтік арнайы техниканы көрсетеді және қоғамдық орындар мен жолдарда жүріс-тұрыс ережелерін үйретеді. С.Ибикенова