НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ!» АКЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 04.07.2019 ж. № 3-15-3/2317-И хаты негізінде дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол!» акциясы өтеді. Астрахан ауданының Білім бөлімі ағымдағы жылдың 1 шілде – 30 қыркүйек аралығында жалпыреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол!» акциясын өткізеді.
Акция мақсаты – аз қамталған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.
Ақция аясында ЖЖС жетекшілерін, кәсіпкерлерді, мекеме ұжымдарын және барлық азаматтарды қайырымдылық танытып, аталған акцияға белсенді түрде қатысуларын шақырамыз. Барлық аудан мектептерінде көп балалы және тұрмысы төмен жанұядағы, жетім балаларға киім, аяқ-киіммен, оқу-құралын қабылдау орыны ұйымдастырылды.
Акцияның өткізілуі туралы барлық ақпаратты білім бөлімінде немесе жергілікті білім ұйымдарында ала аласыздар.
Акцияның барысында, біліммен қамтылмаған оқушылар туралы мәліметтерді аудандық білім бөлімінің 2-23-38 телефон нөміріне жіберуіңізді сұраймыз. Сонымен қатар, жоғарыда берілген телефон арқылы ата–аналар мен жауапты тұлғалар жаппай біліммен қамтуды ұйымдастыру жұмыстарына байланысты анықтамалар және кеңестер алуларына болады.
Білім бөлімі