Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар, Астрахан ауданы тұрғындары ! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі . Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген жас мамандар мен оқушыларын асыға күткен ұстаздарымыз үшін ұмытылмас күн. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. 1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз болашақта білім алуларыңыз бен дамуларыңызға негіз бола алсын. Білім жадыны емес, ойды жүзеге асырғанда ғана білім бола алады, сондықтан да сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін! Бірінші қыркүйек күні өмірлерін білім саласына арнаған барша ұстаздар қауымына ерекше көңіл аударылатын күн. Оқушылардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Сол себептен, Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, қымбатты ұстаздар мен тәрбиеші қауым. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін. Зор денсаулық, отбасында береке, алдарыңызға талпысы мол шәкірттер мен тәрбиеленушілер, данышпан да жақсылыққа жаны құштар жандардың келуін тілеймін.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді тағы да Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Білім күні Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!