«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

18.04.2023

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
 
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеті (Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, № 50 үй, тел. (2-36-84))
«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау өткізеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 67 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары

І. Жалпы ережелер
1. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2.  Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.
3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.
4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.
5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.
 
2. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі
 
1.Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
2. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары 2023 жылғы 23 сәуірге дейін қабылданады.
3. Конкурс 28.04.2023 жылы сағат 10:00 де білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.
 

Просмотров: 2733


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст