«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәрбие ісін ұйымдастыру мен бала денсаулығын нығайтудың ең тиімді тәсілі - ойын түрлері тәжірибе алаңында» практикалық семинар.

22.05.2023

2023 жылдың  19 мамыр  күні  «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнында «Тәрбие  ісін  ұйымдастыру  мен  бала денсаулығын    нығайтудың  ең тиімді  тәсілі -  ойын  түрлері  тәжірибе  алаңында» атты аудандық  практикалық  семинар  өткізілді. Семинарға   мектепке дейінгі балабақша-бөбекжай  меңгерушілері, әдіскерлері, шағын орталықтардың  тәрбиешілері,  сонымен  қатар  Астана қаласынан арнайы шақырылған  қонақтар  қатысты. Аудандық  семинар  білім  бөлімінің  басшысы  Барахоева Полина  Юнусовнаның  алғы  сөзімен  басталды.  Семинар барысында,  бөбекжай  тәрбиеленушілері  концерттік бағдарлама, бөбекжай  тәрбиешілері  тренинг, шебер сынып,  ұйымдастырылған  іс-әрекеттер  көрсетті. Астана  қаласынан  арнайы  шақырылған  қонақтар  өз тәжірбиесімен  бөлісті.

 * Астана  қаласы  әкімдігінің  №84 «Кәусар» балабақшасының  меңгерушісі, Кайыргалиева  Балауса  Толеугалиевна,  «Салауатты ұрпақ»  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруге  арналған  дамытушы  ойындар» тақырыбында;  

* Астана  қаласы  әкімдігінің №46 «Самал» санаториялы балабақшасының меңгерушісі  Бликова  Жанар  Байдаулетовна, «Мектепке дейінгі жүйедегі жаңартылған  мазмұнның  ерекшеліктері» тақырыбында;                                                           
Семинар аяғында Барахоева  Полина  Юнусовна  қонақтарды, бөбекжай меңгерушісін  Алиева  Гулсая  Кошербаевнаны  алғыс хатпен, тәрбиешілерді сертификатпен марапаттады, әріптестер өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс жасалды.

Просмотров: 2590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст