Ағымдағы 2023 жылдың 24 мамыр - 26 мамыр күндері Астрахан ауданында мектепке дейінгі ұйымдардағы жоспарлы мониторинг кестеге сәйкес:
1. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында;
2. Жеке кәсіпкер «Абильдина Ж.», Астрахан ауылындағы «Балдаурен» жеке меншік бөбекжайында;
3. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында;
4. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында;
5. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Первомай ауылының бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында;
6. Жеке кәсіпкер «Абильдина Ж.», Жаңатұрмыс ауылындағы «Балдаурен 1» жеке меншік бөбекжайында жүргізілді.
Комиссия мүшелерімен жүргізілген мониторинг нәтижелері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының 24 тармағымен толық сәйкес тексеріліп, хаттама толтырылды.