Текст
Бүгін біздің балабақшада өзін-өзі тану онкүндігі аясында «Отбасы күні» өтті. Күннің ұраны: «Бірге тату отбасы!» Балалар мен ата-аналарымен бірге «Бірге бақытты» тақырыбында фотоколлаж дайындады. Сонымен қатар, барлық топтарда «Менің отбасым» тақырыбында тақырыптық сабақтар өтті, онда тәрбиешілер балаларға «отбасы», «отбасының амандығы» және «ынтымағы жарасқан отбасы» сияқты ұғымдарды түсіндірді.
Іс-шаралардың мақсаты - отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Отбасы құндылықтарын сақтау.