«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан ауданы«Білім бөлімі» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

19.02.2020

Астрахан ауданы«Білім бөлімі» ММ  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы Астрахан ауданы Каменка а.  «Каменка орта мектебі» ММ директоры, Ақмола облысы Астрахан ауданы Лозовое а. «Лозовое негізгі мектебі» , Ақмола облысы Астрахан ауданы Қаракөл а. «Вишневка негізгі мектебі»директоры.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы   қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған  бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

 Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.

                Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.                 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;  бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1. тіркеу орны көрсетілген өтініш, байланыс телефондары нақты тұратын жері;

2. жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3. білімі туралы құжат көшірмесі;

4. еңбек кітапшасының көшірмесі;

5. фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме; 7. біліктілік санаты бар туралы бойынша құжаттың көшірмесі;

8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы № 086/У нысанындағы медициналық анықтама;

9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама- жарияланған мезеттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде көрсетілген мекен-жайға тапсыруға қажет:

10. Мектеп дамуының перспективті жоспары

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 97997 теңгеден бастап.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариуспен немесе жұмыс орнының штаттық қызметімен расталады - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Астран аудандық бөлімшесі арқылы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Азаматтар үшін Үкіметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы» Ақмола облысы

Конкурстың өтетін орны: 020300 Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., Әл-Фараби к-сі 50,  Астрахан ауданы «Білім бөлімі» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды  куәландырылады.

 

 

Просмотров: 426


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст