Текст
2023 жылдың 21 тамызында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің секция отырысы өткізілді. Отырысқа ауданның бірлестік жетекшілері, педагог зерттеушілер, тәжірибелі ұстаздар қатысып, келесі мұғалімдер өздерінің тәжірибесімен бөлісті: Асқарова К.Ж., Сейтжанова Ж.С., Дүйсенбі Г.Н., Таранцова Т.Г., Башимова А.К., Бесимбаева К.К. Астрахан ауданы білім бөлімінің басшысы П.Барахоеваның мадақтамасымен үздік бірлестік жетекшілері марапатталды. Секция жұмысының қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынып, хаттама толтырылып, келесі оқу жылына арналған өзекті міндеттер қаралды.