Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2023 жылғы 24 қазан күні "Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ Астрахан ауданының прокуратурасымен бірлесіп "Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ және "Астрахан ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 8-11 сынып оқушыларымен "Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында кездесу өткізді. Оқушылармен кездесу барысында Астрахан ауданының прокуроры Марат Тайырбекович Султанов қазіргі заманғы есірткінің зияны туралы, өзекті мәселелерді түсіндірді, есірткінің адамның физикалық денсаулығына теріс әсері туралы кеңінен баяндап, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырды.
Әдіскер: С.Ибикенова