Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Кеңеске әдіскерлер, директордың оқу, тәрбие, әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері, балабақша әдіскерлері қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер бойынша есептер тыңдалды.
1.«Жаңартылған білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесін этномәдени құндылықтар негізінде ұйымдастыру мүмкіндіктері» Камышенка ауылының ЖООБМ, директордың тәрбие ісі жөніндені орынбасары Адамская Г.И.
2.«Мектеп жасына дейінгі мотивациясы жоғары балалармен жұмыс жасаудағы инновациялық тәсілдер» Астрахан ауданы бойынша әдістемелік кабинетінің әдіскері Н. Б. Садуахасова
3.«Жетекші мектептер мен серіктес мектептерде нәтижеге бағытталған білім беру моделінің білім сапасын арттыруға әсері» Жалтыр ауылының №3 ЖОББМ, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Песоцкая
4.«Жас педагогтардың кәсіби өсуі жолындағы проблемалары мен перспективаларына сараптама» Астрахан ауданы бойынша әдістемелік кабинетінің әдіскері Т. Д. Бұғыбай
6.«ББМЖ/МОДО бойынша дайындық жұмыстарының сапасы, тесттік тапсырмалардың сапасы»Астрахан ауылының №2 ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.В. Хохрякова
Кеңес қорытындысында бөлім басшысы П.Ю. Барахоева қатысушыларға ББЖМ бойынша дайындық сапасының сын көтермейтіндігін ескертіп, нақты олқылықтарды жою бойынша тапсырмалар берді. Авторлық жұмыс жазудың сапасы, заманауи талаптарға сай болуы туралы ескертті, қорытынды аттестаттауға дайындық барысының жүйелі түрде ұйымдастырылуын бақылауды тапсырды. Кеңесте тыңдалған есептер бойынша нақты кеңес беріліп, хаттама толтырылды. Атқарылған жұмыстың сапасын бақылауды, сүйемелдеуді әдістемелік кабинеті әдіскерлері назарына алынады.