Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдіскерлер 2024 жылдың қаңтар айында Лозовое ауылының НОББМ, Өрнек ауылының бастауыш мектебі, Жамбыл ауылының ЖОББМ, Қаракөл ауылының НОББМ, Старый Колутон ауылының ЖОББМ, Бірлік ауылының НОББМ, мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектептерінде директорлар мен директордың орынбасарларына және мектепалды даярлық сынып педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті. Іс-шара барысында білім беру мекемесінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымының жұмыстық оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкестендірілуі, МІБ жоспарының іске асырылуы сапасы, , ББЖМ, PISA. TIMSS халықаралық зерттеулерге дайындықтың сапасы туралы, педагогтердің бейінін сәйкестендіруі мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепалды даярлық сыныбының жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары, өзін-өзі бағалауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты компоненттің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Жаhандық құзіреттілік курсының талаптары», «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» оқу курстары мазмұнының орындалуы, «Күнделік» журналының талапқа сай толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп әдістемелік ұсынымдар берілді.