06.03.2024
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласында "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиада өткізді.
Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Олимпиаданың мазмұны кәсіби білім беру шеңберінде педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі жетілдіруін жүзеге асыруға, білім беру процесінде кәсіби педагогикалық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарайды.
TED форматында ұсынылған "Педагогикалық идеялар" аясында жас педагогтар өздерінің негізгі жұмыс жүйесін, Кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетін, сабақ эстетикасы мен оқу процесін талдай білуді пысықтады.
Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары, жетекші мектеп басшылары және педагог-практиктер кірді.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен "Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Астрахан ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ тарих пәнінің мұғалімі Зайкенов Шамиль Амирович марапатталды.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!