Ағымдағы жалдың 2 сәуірінде мектеп дейінгі ұйымдар арасында «Ғарышкерлер күні» республикалық сурет салу байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру. «Ғарышкерлер күні» республикалық сурет сау аудандық кезеңіне 16 өтінім келіп түсті, байқау жеңімпаздары әр жас тобы бойынша жеке анықталады. Байқауға қатысуға жеке жұмыстармен (бір тәрбиеленуші) топпен жасалған (педагогпен немесе ата-анамен (3 адамға дейін) жұмыстар жіберіледі. Байқаудың барлық кезеңдерінде материалдарды бағалау үшін басшының бұйрығымен аудан деңгейінде байқау комиссиясы құрылып байқау жеңімпаздарын келесі жүлделі орындарымен белгіледі: (Жеке орындаушы) I орын – Гельмутдинов Ильгиз 3 жас – жетекшісі - Ляшенко Ирина Петровна: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы» МКҚК-ның тәрбиеленушісі; (ата-анасымен) I орын – Архипова Валерия 4 жас - жетекшісі - Путятинская Ольга Владимировна: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Первомай ауылының бөбекжайы» МКҚК-ның тәрбиеленушісі; (ата-анасымен) I орын - Герман Матвей 5 жас – жетекшісі - Тринкиншу Ольга владимировна: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақшасы» МКҚК-ның тәрбиеленушісі; (жеке орындаушы) I орын – Черкасова Таисия 5 жас – жетекшісі - Бондарева Гульмира Каиргельдиновна: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Астрахан ауылының «Алпамыс» балабақшасы» МКҚК-ның тәрбиеленушісі. І орын алған тәрбиеленушілер облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.