Текст
Құрметті әріптестер, оқушылар, түлектер, ата-аналар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!
Бүгін, 2020 жылдың 25 мамыр күні ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бейне құттықтауынан кейін, барлық балалардың қатысуымен онлайн режиміндегі соңғы қоңырау икемді кестеге сәйкес әр сыныпта өтті. Ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.