«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан ауданы«Білім бөлімі» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

10.08.2020

Астрахан ауданы«Білім бөлімі» ММ  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы Астрахан ауданы Каменка а.  «Каменка орта мектебі» ММ, Астрахан ауданы «Старый Колутон» ММ директоры, Астрахан ауданы Лозовое а. «Лозовое негізгі мектебі» , Ақмола облысы Астрахан ауданы Қаракөл а. «Вишневка негізгі мектебі»директоры.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат;

      педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымында соңғы жұмыс өтілі;

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

      Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

      Педагогикалық кеңесті басқарады.

      Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

      Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

      Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

      Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

      Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

      Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

      Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

      Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

      Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

      Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

      Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

      Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

      Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

      Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

      Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

      Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

      Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 97997 теңгеден бастап.

Конкурстың өтетін орны және уақыты: 020300 Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., Әл-Фараби к-сі 50,  Астрахан ауданы «Білім бөлімі» ММ, 2020 жылдың 18 тамыз күні.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растайды. Құжаттар хабарландыру аудандық "Маяк" газетінде және Астрахан ауданының білім бөлімінің astrahanka.aqmoedu.gov.kz сайтында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Астрахан аудандық бөлімі арқылы .

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайы: 8(71641)22338, e-mail: Astrahankaoo@aqmoedu.kz.

 

Білім бөлімінің басшысы                                                                              Г. Шаяхметова

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст