Астрахан ауданының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес озық тәжірибелі пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындаудағы нәтижелі көрсеткіштерімен тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2017жылдың
17 ақпанында «ҰБТ білім сапасының негізгі көрсеткіші» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысы аясында сөз алғандар оқушыларды Қазақстан тарихынан оры тілінен химиядан биологиядан қазақ тілінен математикадан ҰБТ ға нәтижелі дайындау жүйесі мен формалары туралы өз ойларымен бөлісті. Орта мектеп оқушыларды ҰБТ ға дайындау жүйесі туралы аудан білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Асқарова Задаш Сагындыққызы айтып өтті. Семинарға қатысушы аудандық білім бөлімнің әдіскерлері мен пән мұғалімдері іс-шараның өткізілу форматына және баяндамалардың сапасына жоғары баға берді. Қатысушылардың сұранысы бойынша семинар материалдары талданып кері байланыс берілетін болды.