Текст
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 ақпанына 7 наурыз аралығында Астрахан №1 орта мектебінің аясында инклюзивті білім беру саласы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа барлығы 25 мектеп мұғалімдері
қатысып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттармен марапатталды.