Астрахан ауданы білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында 2020 жылдың 21 – 22 қазан күндері «Жыл отбасы» аудандық сырттай конкурсы өтті. Мақсаты: отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Бұл конкурстың қатысушылары ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтайтын, үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтын балалар тәрбиелеп отырған Астрахан ауданының отбасылары болды. 13 отбасы өтінім берді: Бекбергеновтар, Турсинмурадовтар /Астрахан №1 ОМ/, Зейтеновтар /Астрахан №2 ОМ/, Ержановтар /Новочеркасск ОМ/, Тынхан Назірхан /Жалтыр №2 ОМ/, Чернятевич /Камышенская ОМ/, Мухатай Темірбек /Кызылжар ОМ/, Петровтар, Жаксимуратовтар /Первомайская ОМ/, Логвиненко /Степновская НМ/, Абдибаевтар /Өндіріс ОМ/, Тайшыбаевтар /Старококлутон ОМ/, Фогельзанг /Жалтыр №1 ОМ/.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
І орын иегерлері – Тынхан Назірхан отбасы, Жалтыр №2 ОМ;
ІІ орын иегерлері – Петровтар отбасы, Первомайская ОМ;
ІІІ орын иегерлері – Логвиненко отбасы, Степновская НМ.