«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ұсыныстар (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында)

26.10.2020

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі.  Сонымен қатар бұл – балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байытуға мүмкіндік береді. Мектеп демалысы –балаға, оның  әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударатын аймақ.

Ұсыныстардың мақсаты – күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

Тапсырмалар:

1) күзгі каникул кезінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылу жүйесін сақтау мен тұрақтандыруға бағытталған жағдайларды жасау;

2) демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамту, демалыс пен денсаулықтарын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсету;

3) күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға, оның ішінде қашықтан қатысуын қамтамасыз ету.

 

Күзгі каникул кезінде білім беру қызметінің негізгі бағыты

 

2020 жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашаға дейінгі аралықта республиканың білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы - Адам құқығы» тақырыбында іс-шаралар өткізіледі.

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні шеңберінде балаларға арналған іс-шаралар құқықтық ақпаратқа, сонымен қатар оларға шығармашылық және интеллектуалды кәсіптік бағдар беруге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

Күзгі демалысты жоспарлау бойынша әзірленген

күнтізбелік-тақырыптық ұсыным

 

 

Мерзімі

Іс-шара бағыты

Іс-шара атауы

5 қараша

Еріктілік

«Асар» челленджі – балаларға, отбасына, туыстары мен достарына, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру

6 қараша

 

Интеллектуалды

 

«Кітаптар әлемінде» (Қазақстан жазушыларымен ойлайн кездесу)

«Шахмат стратегиясы» (танымал шахматшылармен онлайн кездесу)

7 қараша

Кәсіптік бағдар беру

«Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» (ҚР БҒМ БҚҚК ресми парақшаларында Facebook @bala.edu.gov.kz, Instagram @kopd_mon_rk жарияланады)

9 қараша

Азаматтық-патриоттық

«Қазақстан – менің Отаным» балалар суреттерінің онлайн көрмесі.

(ҚР БҒМ БҚҚК ресми парақшаларына орналастырылады)

10 қараша

Эстетика

«Дарындар әлемі!» (ән,би, шешендік өнер) ҚР БҒМ БҚҚК ресми парақшаларында жарияланады

11 қараша

Ғылыми-техникалық

«Пайдалы ойындар» -  робототехникаға байланысты онлайн тренинг

12 қараша

Спорт

 «Біз салауатты өмір салытын қолдаймыз»

(танымал спортшылармен онлайн кездесулер)

13 қараша

Сәнді-қолданбалы өнер

«Отбасылық шеберхана» балалар қолөнерінің онлайн көрмесі, ата-аналардың шеберлік сыныбы

14 қараша

Құқықтық

«Өзіңді қорға» - республикадағы құқық қорғау ұйымдарының кеңесі

 

 

Просмотров: 1357

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст