Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы 2020 жылдың 18 қараша кұні онлайн форматта /ZOOM арқылы/ өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Балалар мен жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру /Петровская ОМ-Толағайқызы Айнұр/;
2. Каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру /Жамбул ОМ -Смагулова Б.Г./;
3. Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын, Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген жұмыстарды талдау /ПервомайскаяСШ -Щербинина Т.Г./;
4. Аудандық семинарға дайындығы туралы /Оксановская НМ – Авсеева И.П./;
5. Білім беру ұйымдарының 2020-2021 оқу жылының І-тоқсандағы тәрбие жұмысындағы жетістіктері /әдіскер- С.Ибикенова/.
Отырыстың қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:
- Жоғарыда көрсетілген ақпараттарды назарға алу;
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде білім беру ұйымдары білім алушыларының патриоттық тәрбие бойынша жұмысын жалғастыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын білім беру ұйымдарында іске асыру жұмыстарын жалғастыру;
- Қашықтан оқыту жағдайында құндылықтарға негізделген тәрбие бойынша жұмыстарды жалғастыру;
- Жасөспірімдер арасында жарақаттануды, зорлық – зомбылықты, суицидті, құқық бұзушылықты, діни эстремизмді алдын - алу жұмыстарын өткізу;
- Оқу-тәрбие процесіне қатысудағы ата-аналардың рөлін арттыру;
- Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) күнделікті байланысты жүзеге асыру.