2023 жылдың 28 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі» орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылығы байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау келесі 4 номинация бойынша өткізілді – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.
Байқауға Атбасар, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Бурабай, Сандықтау, Шортанды, Астрахан аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Вокал» Номинациясы. Кіші жас тобы (10 жастан 12 жасқа дейін):
І орынды Наполова Ксения, Астрахан ауданы иеленді.
2023 жылдың 14 сәуірінде Көкшетау қаласында XVIII республикалық «JULDYZAI» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен Гала-концерт өтті. Наполова Ксения БММ оқушысы өз өнерін көрсетіп, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, сондай-ақ педагог З.К.Мұхаметжановаға алғыс хат табыс етілді!
Білім бөлімінің әдіскері
Қарлығаш Маратқызы Садвокасова