2020 жылдың қараша айы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, әАқмола облысының ішкі саясат басқарма» ММ және «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ бірлесе отырып бейне Конкурсты ұйымдастырып өткізді.
Ұлттық салт-дәстүрді сақтау, отбасылық құндылықтарды насихаттау басты мақсатымыз болатын, сонымен қатар, Ұстаздардың дәрежесін көтеру, жұмыспен қатар бірге келіннің күн сайын атқаратын міндеттерін көрсету, қолдау болатын!
Онлайн конкурс жас педагогтар 19 облыстық мектеп арасында өткізілді. Біздің ауданымыздан Астрахан №1 орта мектебінің жас педагогы – Имантаева Айбат қатысты. Имантаева Айбат 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Отбасын сақтау үшін тәжірибелі келіндердің жастарға беретін кеңесі бұл сайысқа өте маңызды бейне болып көрсетілді!