12.02.2025
2025 жылғы 11 ақпанда «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ-де «Үздік мектеп Парламенті» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, парламенттік қозғалыс қызметін ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру болып табылады.
Байқауға 7 білім беру ұйымы қатысып, «Біз біргеміз!», «Жылдың үздік жобасы», «Шығармашылық басқару» кезеңдері бойынша қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, жетекшісі Жанабекова Г.Б.
2 орын - Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, жетекшісі Турсунбек С.Ө., Железнякова В.А.
3 орын - Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, жетекшісі Шарифхан Жұлдыз.
Жеңімпазд