«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КТА

20.02.2025
2025 жылдың 19 ақпанында аудандық мәдениет үйінің сахнасында Астрахан ауданы мектептерінің ата-аналары мен мұғалімдері арасында КТА финалдық туры өтті.  КТА «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша өтті.
      Аталған іс-шараға аудан мектептерінде өткен іріктеу турларының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 8 команда қатысты. Бұл Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Прогресс» командасы, Ковыленка ауылының негізгі орта мектебінің «Ковыленская лига» командасы, Жалтыр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің «Комон» командасы, Жаңа-Тұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Достар» командасы, Астрахан ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің «Новая волна» командасы, Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектептің «Болашақ» командасы, Новочеркасс ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Поколение Х» командасы және Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Педагогический союз смеха» командасы.
       Әр команданың қатысушылары өздерінің шығармашылық таланттары мен көркемдік қабілеттерін ашып, көрсете алды. КТА керемет және көңілді атмосферада өтті.       
 Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды «Болашақ» командасы - Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі, 2 орынды «Достар» командасы - Жаңа-Тұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, 3 орынды Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Педагогический союз смеха» командасы алды. Жеңімпаздарға алған орындарына сәйкес ақшалай сертификаттар табысталды. 
       Қалған қатысушыларға номинациялар бойынша сертификаттар табысталды.
Просмотров: 168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст