09.10.2025
2025 жылғы 9 қазан «Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ-де «Қазақстан Республикасының
күніне арналған аудандық жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумының аудандық кезеңі өтті.
Форумның мақсаты ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік есте сақтаудың даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.
Байқауға Астрахан ауданының 3 білім беру ұйымы қатысып, «Жетістіктер көрмесі», «Туған өлке-тұнған шежіре», «Туған өлкемнің болашағы», «Туған өлкенің символы» номинациялары бойынша жұмыстарын таныстырды
.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып,
Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Әр номинация бойынша I орынға ие болған қатысушылар форумның облыстық кезеңіне жолдама алды.