14.04.2026
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Білім бөлімінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір – маусым аралығында мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауы өтетінін хабарлаймыз.
Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде заманауи тәсілдерді іске асыру үшін озат педагогикалық тәжірибені анықтау, жариялау және тарату.
Байқау үш кезеңде жыл сайын өткізіледі:
І кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың) деңгей (ағымдағы жылғы сәуір айы);
ІІ кезең - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) деңгей (ағымдағы жылғы мамыр айы);
ІІІ кезең – республикалық деңгей (ағымдағы жылғы маусым).
Өтінімді 2026 жылдың 8 мамырына дейін қабылданады.