Ұлттық спорт түрлері «Асық ату», «Бес асық» және «Тоғызқұмалақ» бойынша аудандық жарыс
26.11.2026
Бүгін Жалтыр ауылының №3 жалпы білім беретін мектебінде Астрахан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 7–8 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлері «Асық ату», «Бес асық» және «Тоғызқұмалақ» бойынша аудандық жарыстар өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау, оқушылардың спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:Асық ату:
1 орын — «Өндіріс ауылының жалпы білім беретін мектебі»
2 орын — «Старый Колутон ауылының жалпы білім беретін мектебі»
3 орын — «Жалтыр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі»
Бес асық:
1 орын — «Лозовое ауылының жалпы білім беретін мектебі»
2 орын — «Өндіріс ауылының жалпы білім беретін мектебі»
3 орын — «Старый Колутон ауылының жалпы білім беретін мектебі»
Тоғызқұмалақ:
1 орын — «Жалтыр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі»
2 орын — «Астраханка ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі»
3 орын — «Старый Колутон ауылының жалпы білім беретін мектебі»