Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының отырысы 2022 жылдың 20 қаңтар күні онлайн форматта /ZOOM арқылы/ өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Мектептің өзін-өзі басқару қызметі туралы /Жаксыбаева А.К./
2. «Оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы туралы /Мухтарбекова Д.Е./
3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмысы туралы /Баязитова Г.О./
4. Отбасылық клубтың жұмысы /Смагулова Б.Г./
5. 2022 жылға арналған жоспармен таныстыру /ББ әдіскері- С.Ибикенова/.
Отырыстың қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:
- 2022 жылға арналналған жоспарға сәйкес жұмыс атқару;
- Оқу-тәрбие процесіне қатысудағы ата-аналардың рөлін арттыру;
- Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау;
- Білім алушылардың отандық тарихқа, өлкетануға, мәдениетке қызығушылығын дамыту, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыру және дебаттық қозғалысқа білім алушылардың барынша мүмкін болар көп санын анықтау және тарту;
- Білім берудің жергілікті инновациялық технологияларын енгізу мен зерделеуді жалғастыру.