Аудан мұғалімдеріне «Bilimland» ресурсымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін сапалы қолдануды енгізу бойынша әдістемелік семинар өткізілді.Мұнда білім беру жүйесінде жаңа технологиялар туралы айтылып,әлемдік білім беру нарығындағы көшбасшы компаниялардың жетістіктері негізінде жасалған «Bilimland.kz» платформасы таныстырылды. «Bilimland» порталы жайлы жан-жақты мәлімет алып,оң пікірлерімен бөлісті.Сондай-ақ мұғалімдер аталған ресурсты оқыту үрдісінде тиімді пайдалану жөнінде ойларын айтып,өзара талқылау жүргізді. Астрахан ауданы бойынша 2018 жылдан бастап 30 мектеп үшін «Bilimland» ресурсында жұмыс істеу жоспарланып,қолданысқа енгізілді, ал ауданымыздың бір мектебі офлайн режиміде қолданады. Жаңадан онлайн режимге қосылған мектептердің мұғалімдері үшін жаңа логин мен парольдар таратылып, онымен қалай жұмыс жүргізу және тірекелу жөнінде ұсыныстар беріліп оның әр бөлімінде қандай материалдар бар екендігі әңгімеленді. Сондай-ақ алдында бірінші кезекті онлайн режимде қосылған мектептермен тәжербие алмасты.