«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Парасатты отбасы

11.03.2022

2022 жылдың 10 наурыз күні «»Парасатты отбасы» тақырыбында аудандық отбасылық кеңестерінің қатысуымен «Петровка аулының ЖОББМ» КММ-де семинар өтті. Мақсаты: қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды насихаттауға, отбасы мүшелері арасында парасаттылық, адалдық, достық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал ету. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан жиналған отбасылық кеңестерінің жетекшілері мен ұйым мүшелері қатысты. Петровка аулының жалпы орта білім беретін мектебінің «Парасат» әжелер кеңесінің жетекшісі Нурмухамбетова Гүлжанат Жолдыкановна және Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінің «Аялы алақан» аналар кеңесінің жетекшісі Смагулова Балшекер Госмановна өз жұмыстарымен бөлісті. Петровка аулының ЖОББМ педагог-психологы Секенова Регина Оразовна қатысушылармен «Отбасылық құндылықтар» атты тренинг өткізді. Семинарда 3 «А» сынып оқушылары «Әжемнің шәйі» атты ән орындалды, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, «Біз шаншар» салтына сахналған көрініс қойылды. Семинардың екінші бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурдуллаев Ерлан Габибуллаевич және Кенжебаева Меруерт Алтайбекқызы 7 «А» сыныбымен «Мейірлі-мүшел жас» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, 4 кезеңнен тұратын сайыста сынға түсті. Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, әжелер кеңесінің мүшесі Унгарова Х.Т. оқушыларға кәде-сыйлар таратты. Қорытындылау кезеңінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ищанова Зарина Тайпаковна дискуссия алаңын өткізді. Кері байланыс орнады. Семинарға қатысушыларға Білім бөлімінің басшысы Г.Шаяхметованың алғыс хаты мен сертификаты табысталды.

С.Ибикенова

 

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст