«Үздік педагог - 2017»
«Үздік педагог» кәсіби байқауы бұл мұғалімнің жан-жақты талантын анықтауға мүмкіндік береді, шығармашыл мұғалімдердің жұмысын ашады, педагог мамандығының беделін арттырады, ол инновациялық идеяларын алға жылжытуды насихаттайды, жас педагогтардың шығармашылық өсуі мен өзін-өзі жетілдіру үшін
жағдай жасайды, педагогикалық ұжымдарды іске қосады Байқаудың ең басты жетістігі – оқыту
мен тәрбие берудің тиімді әдістерін қарастыру, уздік педагогикалық тәжірибені
тарату. Байқаудың қатысушылары заманауи педагогикалық концепциялар мен
технологияларды пайдаланады, оқыту мен тәрбиелеу сапасын жоғарылатуға алып
келетін, тапсырмалардың шешімін табады.
«Үздік педагог – 2017» аудандық байқауы 2017 жылдың 28 сәуірінде өтті.
Байқауға Астрахан №1 ОМ, Астрахан №2 ОМ; Новочеркасск ОМ, Жалтыр №2 ОМ, Жалтыр №1 ОМ, Жалтыр
№4 ОМ, Каменка ОМ, Камышенка ОМ, Оксановка НМ, Новоколутон ОМ, Старый Колутон ОМ, Первомай ОМ, Петровка ОМ және Қызылжар ОМ педагогтары қатысты. Байқау барысында мұғалімдер үш деңгейді өтулері қажет еді: 1. «Менің кәсібилік кредом» өзін өзі презентациялау; 2.«Сабақ – жоғарғы шеберлік» шебер сыныбы; Мұғалімнің шығармашылық зерханасы. «Менің кәсібилік кредом» өзін өзі презентациялау байқауында шығармашылық қабілетін аша отырып, қатысушылар өзі жөнінде, кәсіби жолға шығу кезінде, педагогикадағы алғашқы қадамдарын және қиын мұғалімдік еңбек жетістіктері жөнінде қызықты әрі мазмұнды презентация өткізді. Әділқазылар алқасының міндеттері: жеке тұлғаны бағалау, қатысушының орындау шеберлігі, оның әртістігі, мазмұнды сөз сөйлеуі, тұсаукесер
ерекшелігі. «Сабақ– жоғарғы шеберлік» шебер сыныбы атты екінші кезеңінде педагогтар инновациялық технологияларды қолдана отырып, педагогикалық шеберлік деңгейін көрсетті. Әділқазылар алқасы практикалық және жобалық дағдыларын әділ бағалады: педагогикалық технологялармен жумыс жасау, нәтижелілігі, сабақтың әдістемелік ойларының сондылғын, практикалық бағыттылығы, инновациялық технологияларды
тиімді қолдану, оқушылармен педагогикалық өзара іс – қимылдары, психологиялық-педагогикалық өзін өзі талдау сабағын жүргізу қабілеті. Барлық сабақтардың жоғары деңгейде өткенін айтып кеткіміз келіп отыр. Онда мұғалімдер
жалпы мәдениетті, кәсіби шеберлікті және педагогикалық әртістілікті көрсете білді.
«Мұғалімнің шығармашылық зерханасы» атты байқаудың соңғы кезеңінде қатысушылар авторлық жұмыстары, сабақтардың ғылыми – әдістемелік жоспарлары, оқу бағдарламалары, әдістемелері, оқу – әдістемелік кешендері жөнінде айтып өтті, пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар туралы фото-видео материалдарды демонстрациясы.
Әділқазылар алқасы қорытындылау барысында әр қатысушының кәсібилігін айқындап өтті. Қатысушыларға іс шараның әрбір кезеңі үшін қойылған ұпай сандары, бүгінгі мерекеде барлық қатысушылар байқаудың жеңімпаздары болып келетінін айтып өтті. Байқау нәтижесі төмендегідей:
1. Гран-при – Жалтыр №2 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Жанадилова Айнагүл Айтпаевна иеленіп, 100 000 теңге сомасын құрайтын сертификатымен марапатталды.
2. I орынды – Астрахан №1 ОМ биология пәнінің мұғалімі Касымова Салтанат Шортанбаевна иеленіп, Қазақстанның шипажайына жолдамамен марапатталды.
3. II орынды – Петровка ОМ информатика пәнінің мұғалімі – Нурдулаев Ерлан Ғабибуллаевич иеленіп, 50 000 теңге сомасын құрайтын сертификатпен марапатталды;
4. III орынды – Новоколутон ОМ география пәнінің мұғалімі Стрижак Ирина Александровна иеленіп, 30 000 теңге сомасын құрайтын сертификатпен марапатталды;
«Инновации в образовании» номинациясында – Кызылжар ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дробизова Вера Александровна марапатталды;
«Балаларға жүрегімді беремін атты» номинациясында – Жалтыр №4 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Акбокен Социаловна марапатталды;
«За преданность педагогической профессии» номинациясында – Жалтыр №4 информатика пәнінің мұғалімі Рашитов Нурлан Нурлыбекович марапатталды;
«За творческий подход» номинациясында Первомай ОМ бастауыш сынып мұғалімі Сикорская Марина Владимировна марапатталды;
«За верность педагогической профессии» номинациясында Оксановка НМ тарих пәнінің мұғалімі Авсеева Инга Петровна марапатталды.
Біз өзіміздің аудан мұғалімдерін мақтан тұтып, педагогикалық шығармашылықтарының таусылмас көзіне
қуанамыз. Біреулер үшін байқау жұмыс болса, басқалары үшін ол оқиға, бірақ біз үшін ол – керемет мереке. Ең алдымен олар жастарды тәрбиелеп, оқытатын – мұғалімдер. Біз оларға оқушыларға деген жылу сезімдері, ойлары, берген білімдері үшін алғысымызды білдіріп, кәсіби және жеке өмірлерінде сәттілік тілейміз.