10 – 21 -сәуір аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан ұйымдастырылды. Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Осыған
орай, өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. Науқан барысында дөңгелек үстелдер, баяндама, дебат балаларға арналған шығармашылық байқаулар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырылды.