«Жарқын болашақ» олимпиадасы
« Жарқын болашақ » олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел атындағы университетінің шешімімен білім гранты беріледі. Грант саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Осыған орай әр жылы Астрахан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын
болашақ» олимпиадасын өткізу дәстүрге айналды.
2017 жылдың 17 қаңтар күні Астрахан № 2 орта мектеп базасында бес бағыттағы «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» атты байқау жүргізілді. Бұл конкурстың өткізілу мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын
дамытуға бағытталған еді. «Жарқын болашақ» олимпиадасына аудан мектептерінен барлығы 68 оқушы қатысты.
Байқауға барлық мектеп жақсы дайындықпен келгенін көрсетті, атап айтсақ «Сөз шеберлері » номинациясында
ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда, даусы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстауы, әуені жағынан ерекше көрінген Қызылжар ОМ 9 сынып оқушысы Мухатай Муратхан I орынды иеленді, екінші жүлделі орынды Өндіріс ОМ 5 сынып оқушысы Камитова Дильяра мен Колутон ОМ 9 сынып оқушысы Смагулова Арай бөлісті.Үшінші орынды үш оқушы бөлісті: Жалтыр№2 ОМ 8 сынып оқушысы Дакешова Нұрай, Астрахан№ 1 ОМ 10 сынып оқушысы Салимова Фатима және Староколутон ОМ 9 сынып оқушысы Белбібаев Арман. Осы номинация
бойынша өзге ұлт оқушылары бөлек бағаланды: I орынды Жалтыр №2 ОМ 9 сынып оқушысы Ибрагимова Камила иеленді, II орынды Астрахан№2 ОМ 7 сынып оқушысы Момышева Дильназ, III орынды Жалтыр №1 ОМ 10 сынып оқушысы Форер Анастасия және Жалтыр №4 ОМ 6 сынып оқушысы Смаилова Нәзира иеленді. «Жас ғалымдар» номинациясында Астрахан №1 ОМ 10 сынып оқушысы Умуртаева Динара жеңіп алды. Екінші орынды жалтыр №2 ОМ 8 сынып оқушысы Билялова Айман иеленді. Үшінші орынды Өндіріс ОМ 7 сынып оқушысы Ахметова Гүлім иеленді. «Жазушылар» номинациясыбойынша қазақ тілінде білім алатын оқушылар арасында I орынды Астрахан №1 ОМ 9 сынып оқушысы Итемгенова Анаргул иеленді. Екінші орынды Жалтыр №2 ОМ 10 сынып оқушысы Конопьянова Дариға мен Жалтыр№4 ОМ 10 сынып оқушысы Итинова Аружан бөлісті. Ал III орынды Өндіріс ОМ 10 сынып оқушысы Ақылбаева Асылжан мен Қызылжар ОМ 11 сынып оқушысы Сұраған Нартай бөлісті. Өзге ұлт өкілдері арасынан Жалтыр№1 ОМ 11 сынып оқушысы Еркін Еңлік III орынды иеленді. «Тілші-әдебиетшілер» номинациясында арнайы тақырыпқа эссе жазған,оқытылуы орыс тіліне қарамастан қазақ тілінде тақырыптың мазмұнын ашып, оны жеткізе білген Жалтыр№2 ОМ 10 сынып оқушысы Ибраева Малика I орын, Жалтыр №1 ОМ 10 сынып оқушысы Великая Ульяна II орын, Жалтыр № 4 ОМ 9 сынып оқушысы Закирова Камила III орын, және әдебиет пен қазақ тілінен берілген тесттің барлық сұрақтарына жауап берген Астрахан №1 ОМ 10
сынып оқушысы Жексенбай Жансая I орынды иеленді, II орынды Өндіріс ОМ 11 сынып оқушысы Қаратай Алқа иеленді. Жалтыр№2 ОМ 10 сынып оқушысы Билялова Әйгерім III орынды иеленді.
Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін, ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе алатын жарыстың бірі «Әнші бұлбұлдар» номинациясында Жалтыр №4 ОМ 8 сынып оқушысы Бейсебай Нұрбол II орынды иеленді, Өндіріс ОМ 5 сынып оқушысы ақылбаева Аружан III орынды иеленді. Ал орыс сыныптары арасынан осы номинация бойынша Астрахан №2 ОМ 10 сынып оқушысы Грекова Марина I орынды жеңіп алды. Жалтыр №4 ОМ 8 сынып оқушысы
Лисунова Виктория II орынды иеленді, Жалтыр №1 ОМ 11 сынып оқушысы Жадаева Жанель III орынды иеленді. . Жеңістеріңіз құтты болсын!
Әділ-қазылар шешімімен аудан мектептерінен құрылған құрама командасы ақпан айында Көкшетау қаласында VIII облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында өз бақтарын сынайды. Астрахан ауданының білім бөлімі осы байқауды өткізуге үлесін қосқан Астрахан №2 ОМ ұжымына, Астрахан№1 ОМ музыка пәнінің мұғаліміне,
оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне, білім бөлімінің шешімімен құрылған әділ-қазылар алқасына алғыс білдіреді.