2022 жылдың 4 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Бала-бақыт бастауы» атты балалар жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Жанар Шахпутова ашып, балаларды құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жаңажылдық Жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын атап өтті. Өсіп келе жатқан жас ұрпағымызға дұрыс бағытта біліммен қоса тәрбие беру – басты борышымыз саналып отыр. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін, дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін, интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда. Мерекелік кеште халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі білім және спорт бәсекелерінде бақтарын сынаған оқушыларымыз орасан жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге, салтанатты іс-шара аясында балалар жылына арналған өнерлі балалардың шығармашылық туындылары мен қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме қойылды. Көрме барысында мектепке дейінгі білім беру, ғылыми жобалар, инклюзивті білім беру, робототехника, экология, музыка, қолөнер және шығармашылық жұмыстармен танысты.