2019 жылғы қазанның 4-14 аралығында «Қыз болашағы – ел болашағы» атты халықаралық қыздар күні мерекесіне орай білім ұйымдарында арнайы он күндік іс-шаралар өткізілді:
- қыздарға арналған тақырыптық жиындар;
- "Салауатты өмір салты", "Ерте жүктіліктің алдын алу" туралы медбикелер әңгіме жүргізді;
- «Қыздар арасында» психологтар әңгіме ретінде тренинг өткізді, онда оқушылар өз білімдерін қолдана отырып әртүрлі тапсырмаларды орындады;
- сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді;
- "Тату, қызықты және көңілді" атты көңілді старттар. Оқушыларға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздары табыс етілді.
Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп ойлаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін деп президентіміздің сөзімен он күндік іс –шара қорытындылады.