29.09.2022 жылы, Астрахан ауданы Жалтыр ауылының Мәдениет үйінде Астрахан ауданы педагогтарына арналған «Ұстазы- ұлы есім» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс –шараға ауданның ардагер ұстаздары, мекеме басшылары, марапатталушы ұстаздар мен қонақтар қатысты. Мерекелік кешті аудан әкімінің орынбасары Шахпутова Жанар Казкенқызы ашып беріп, шығармашыл ұстаздарды марапаттады. Мерекелік жиын әсем әнмен тәтті күймен жалғасты. Мерекеге қатысушы ардагер ұстаздарға аудан әкімі Сеилов Н.К. атынан гүл шоқтары тарту етілді. Әрбіріміздің өмірімізде ұстаздың рөлі мен маңызы баға жетпес үлкен. Осы мамандық арқылы білім мен тәжірибе аламыз, ойлау қабілетіміз бен таным деңгейімізді арттырып, өзіндік шешім қабылдауға дағдыланамыз. Педагогтер өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, жастардың бойындағы талантты ашуға зор үлес қосады. Жас буынды еңбек етуге үйретіп, шығармашылық қарым-қабілетін ұштайды. Қымбатты әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз