15 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Оны өткізу отбасыларға қатысты мәселелерде хабардар болу деңгейін арттыруға және отбасылардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестер туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей "Еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуінің негізі - мықты және бақытты отбасы".
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес барлық білім беру ұйымдары отбасын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізді.
"Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ "Әкем, анам және мен "отбасылық эстафетасын, ал "Астрахан ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ "Менің үлкен отбасым" фотогалереясын өткізді.