«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Табиғат – тіршілік көзі»

08.02.2024

2024 жылдың 6 ақпанда Білім бөлімі жастардың назарын туған өлкенің экологиялық – өлкетану мәселелеріне, адам экологиясына, табиғат экологиясына, СӨС, ақпараттық экологияға (вебэкология) аудару мақсатында "Табиғат-тіршілік көзі" экологиялық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.

Аудандық кезең бір кезеңнен тұрды-номинациялар бойынша зерттеу жобаларын қорғау:

  1. «Экологиялық қоңырау» номинациясы – туған өлкенің экологиялық жағдайын қарастыратын, жаһандық экологиялық проблемаларға назар аударатын іс-шаралар жобалар байқауы;
  2. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі: әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;
  3. «Екінші өмір сыйла!» номинациясы - әр түрлі қалдықтардан, қайта өңделген материалдардан, қызмет еткен заттардан, әр түрлі қаптамалардан, пластикалық бөтелкелерден және т.б. жасалған жұмыстар.

І орынды "Экологиялық қоңырау" номинациясында "Новый Колутон ауылының ЖОББМ" КММ оқушысы Гребенюк Ксения иеленді, жетекшісі Гузева Екатерина Петровна;

ІІ орынды "Екінші өмір сыйла" номинациясында "Первомайка ауылының ЖОББМ" КММ оқушысы Чурсина София иеленді, жетекшісі Нысанбаева Жанат Ғалымқызы;

ІІ орынды "Екінші өмір сыйла" номинациясында "Жалтыр ауылының №2 ЖОББМ" КММ оқушысы Омарбекова Мадина иеленді, жетекшісі Баймағамбетова Жаудир Алмасқызы;

ІІІ орынды "Екінші өмір сыйла" номинациясында "Колутон ауылының ЖОББМ" КММ оқушысы Құдайберген Әдия иеленді, жетекшісі Құрман Марияш;

ІІІ орынды "Zhasyl El" номинациясында "Астрахан ауылының № 2 ЖОББМ" КММ оқушысы Дарья Гребенникова иеленді, жетекшісі Каиржанова Сандугаш Танатовна;

ІІІ орынды "Экологиялық қоңырау" номинациясында "Ковыленка ауылының НОМ" КММ оқушысы Дәулетханова Зара иеленді, жетекшісі Жакупова Нияра Рашидовна.

Просмотров: 3128


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст