«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төтенше жағдай кезінде Астрахан ауданының білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы

27.04.2020

Астрахан ауданының білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту жоспары жасалды, көктемгі демалыс кезінде, сәуір-мамыр айларында оқушылар үйде қашықтықтан оқиды. Жоспарды жүзеге асыру аясында бастауыш сынып оқушылары «Біздің білікті достар», «Ертегі кейіпкерлері» және т.б. атты ермексаздан қолөнер жасады. Наурыз мейрамдарын мерекелеу аясында 5-6 сынып оқушылары «Наурыз мейрамдары», «Көктем» тақырыбында суреттер дайындады және 7-8 сынып оқушылары барша қазақстандарды мерекемен құттықтап, орыс және қазақ тілдерінде  өлең оқыды. Оқушылар «Ертегілер әлемінде» тақырыбында аппликациялар мен суреттер дайындады, сонымен қатар оқушылар бисермен, қағаздан жасалған бұйымдар, тоқу, кесте тігуден көрме өткізді. Сонымен қатар, ата-аналар балалардың демалысын ұйымдастыруға белсенді қатысты, мысалы, аналар балалармен бірге акварель бояумен сурет салды және түрлі тағамдар, кондитерлік өнімдер дайындады. Жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушылармен бірге түрлі интеллектуалды ойындар  ойнады, кроссвордтарды шешті. Қызықты демалыс уақытын өткізуіне балаларды өнер әлеміне енуге, мұражайларға, көрмелерге, онлайн фильмдерді көруге шақырды.

         2020 жылғы 6 сәуірден бастап Астрахан ауданындағы 31 мектептің 19-ы оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті. 12 шағын жинақталған мектептерде оқушылардың білім алуы дәстүрлі түрде оқып жатыр. Сәуір айынан бастап бекітілген жоспарға сәйкес Астрахан ауданының білім беру ұйымдарында: Жеңістің 75 жылдығына орай «Өлген жауынгерлерді еске алу» бейнероликтері, өлеңдер мен әндер конкурстары; Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған конкурстар; 23 сәуір – «Дүниежүзілік кітап күні», кітап апталығы; «Қазақстан халқының бірлігі» атты сынып сағаттары, оқушылардың «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбындағы жұмыстары, «Отбасылық ағаш» плакат-посттерлер, онлайн-олимпиадалар және т.б. іс-шаралар өткізілуде. Карантин басталған кезіннен  ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары «Біз үйдеміз», «Салауатты өмір салты», «Ұстаздарға алғыс сөздері», ардагерлерге арналған хат, оқушылардың музыкалық құттықтаулары, мұның бәрі әлеуметтік желілерде, Faceebook және Instaqramm-да, мектеп аккаунттарында жарияланады. Әр мектеп әр түрлі тақырыптар бойынша қашықтықтан: ертегілерді тамашалау, Космонавтика күні, Ғашықтар күні және т.б.атты суреттер көрмелерін өткізді.

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст