«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

08.04.2024

Хабарландыру

 

«Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Ғылыми-техникалық - 30 орын;

Көркем-эстетикалық - 9 орын;

Әлеуметтік-педагогикалық - 4 орын;

Жаратылыстану-математикалық - 6 орын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдар ағымдағы жылдың 8 - 12 сәуір аралығында білім бөліміне құжаттар ұсынуы қажет (орналасқан орны – Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50):

  1. Білім бөлімі басшысының атына «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізу туралы өтініш;
  2. Бұйрықта көрсетілген нысан бойынша өтініш;
  3. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмай ЖК қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);
  4. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын ғимаратты жалға алу шартының көшірмесі;
  5. Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері. Мемлекеттік ұйымдардың бағдарламаларын білім бөлімі бекітеді, сағаттық жүктемесі аптасына 4 сағат;
  6. Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, педагог пен осы ұйым арасындағы еңбек шарты);
  7. Штат кестесінің көшірмесі, педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері;
  8. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) немесе жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
  9. Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы, бейнемұрағатты кемінде 30 тәулік сақтағанын растайтын құжат;
  10. Ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.

            Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен куәландырылады.

Просмотров: 12521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст