Текст
Астрахан ауданының барлық білім ұйымдарында 2020 жылдың 18 мамыр күні «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбындағы жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар бейнероликті тамашалап, өз ойларымен бөлісті. Бейнероликте ұлы ақынның шығармалары, өлеңдері, қарасөздері жайлы айтылған. Осы шығармаларды оқу арқылы оқушы бойына парасаттылық, сенімділік, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерді дәріптеді. Адалдық сағатынан оқушылар өздеріне қажетті, маңызды мағлұмат ала білді.