«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тұңғыш Президент күніне" арналған онкүндіктің ашылуы

24.11.2020

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 23.11.2020 жылы "Алпамыс" балабақшасында "Тұңғыш Президент күніне"арналған онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

        Аталған іс - шараның мақсаты мен  міндеттері балалардың Отан туралы, ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерін кеңейту; балаларды өлеңдерді мәнерлеп оқуға үйрету; балалардың сөйлеуін дамыту. Отанға және Президентке деген патриоттық сезімдерін ояту.

      Іс-шара жалаушалармен балалардың салтанатты кіруінен, әнұранды тыңдаудан басталды.

       Балалар Отан туралы орыс және қазақ тілдерінде өлеңдер оқыды, "Біздің сүйікті Отанымыз ", "Менің Отаным" әндерін шырқады, тәрбиеленушілердің назарына Қазақстан және Елбасы  Н.Ә. Назарбаев туралы бейнеролик ұсынылды.

       Сондай-ақ, мерекеге Абылай Хан келді, ол балаларға өз Отаны, Президент туралы білімдері үшін алғыс айтып, "Теңге алу", "Арқан тарту" қазақтың ұлттық ойындарын ойнауды ұсынды .

       Іс-шара соңында балалар "Қазақстанға келіңіз" әнін шырқап, біздің     Президентімізге және барша Қазақстан халқына мемлекетіміздің жұлдызы жарқын әрі биік болуын, әрбір қазақстандықтың оның бағыттаушы күшіне сенуін тіледі.

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст